Үкіметте өртті жою шаралары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте өртті жою шаралары талқыланды

10.06.2023

Абай облысындағы ірі табиғи өртті жою шаралары Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Әлихан Смайылов қосымша техника мен қызметкерлердің жедел жетуін қамтамасыз етуді тапсырды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету мәселесін пысықтауы қажет. Ал Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға уақытылы медициналық көмек көрсетуді бақылауда ұстауы керек. Ішкі істер министрлігі ,қоғамдық тәртіпті сақтау мен тұрғындардың мүлкін қорғауы тиіс, деді Үкімет басшысы.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу