Ресейдің Алтай өлкесінде орман өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Алтай өлкесінде орман өртенді

11.06.2023

Ресейдің Алтай өлкесінде осыдан 4 тәулік бұрын тұтанған өрт әлі де бой берер емес. Қызыл жалынды сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тілсіз жау 5 мың гектардан астам аумақты шарпыған. Өңірде осыған байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл режим әлі күшінде. Өрттің тұтануына құрғақ ауа райы себеп болған. Прокуратура орман алабының өртенуіне байланысты тергеп-тексеру шараларын жүргізуді қолға алды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу