Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті пленарлық отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті пленарлық отырысын өткізді

11.06.2023

Астана халықаралық форумымен қатар Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті пленарлық отырысын өткізді. Онда экономиканың цифрлық трансформациясы мәселесі талқыланды. Президент геосаяси шиеленіс пен протекционизм қарқын алған шақта цифрландыру экономиканы дамытуға зор ықпал ететінін айтты. Әрі жасанды интеллект, интернет заттар және үлкен деректер секілді жаңа технологиялар ауыл шаруашылығынан бастап қаржы саласына дейінгі барлық саладағы ойын ережесін өзгертетініне мән берді. Былтыр отандық ІТ өнімдер мен қызметтер экспорты 5 есе өсіп, 300 млн доллардан асқанын, оны алдағы 2 жылда 500 млн долларға жеткізу көзделіп отырғанын жеткізді.

Хабарламаларға жазылу