Бүгін Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандарды аза тұту күні. Қаралы күнге байланысты ел астанасындағы мемлекеттік рәміздер алаңында орналасқан ең үлкен ту төмен түсірілді. Сондай-ақ көк байрағымыз ел ішіндегі барлық мемлекеттік мекемелерде 24 сағат бойы жартылай түсіп тұрады. Аза тұту күнінде ойын-сауық бағдарламалар тоқтылды. Қазақстан халқы Тәуелсіздік тарихында осымен 12-ші рет қара жамылып отыр.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін - жалпыұлттық аза тұту күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/177307/)