Абай облысындағы өрттің шығуына қатысты желіде тараған бейнежазба тексеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысындағы өрттің шығуына қатысты желіде тараған бейнежазба тексеріліп жатыр

12.06.2023

Әлеуметтік желіде «Абай облысындағы өрт найзағайдың түсуінен емес, біреудің әдейі орманға от қоюынан тұтанған болуы мүмкін» деген ақпарат тарады. Автор бейнежазбада бірнеше шағын от ошағын көрсеткен. Алайда қызыл жалын жан-жаққа таралмаған.

Жергілікті әкімдік пен құзырлы органдар «өрт қасақана қойылған» деген нұсқаны тексеріп жатыр. Дегенмен жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырады.   

Хабарламаларға жазылу