Қазақстан заңсыз қаржылық операцияларға қарсы іс-қимыл бойынша өзара бағалау рәсімін сәтті аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан заңсыз қаржылық операцияларға қарсы іс-қимыл бойынша өзара бағалау рәсімін сәтті аяқтады

12.06.2023

Қазақстан соңғы екі жыл бойы өткен заңсыз қаржылық операцияларға қарсы іс-қимыл бойынша өзара бағалау рәсімін сәтті аяқтады. Бұл туралы кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық Топтың 38-ші пленарлық отырысында белгілі болды. Алматыда өткен жиынға 20 елден 200-ден астам делегат және беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бағалау нәтижелері инвестициялық ахуалға және экономикалық дамуға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі позициясына әсер етеді.

Ғабит Садырбеков, ҚР ҚМА төрағасының бірінші орынбасары:

Отырыстың барлық қатысушылары өзара бағалау бойынша еліміздің есебін жоғары бағалады. Халықаралық сарапшылар қаржылық мониторинг агенттігі мен барлық органдардың кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестегі оң жұмысын атап өтті.
Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу