«Қазақстан ғарыш сапары» өрт шыққаны жайында тиісті министрлікке хабарлаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан ғарыш сапары» өрт шыққаны жайында тиісті министрлікке хабарлаған

12.06.2023

Мамандар Семейдегі орман өрті тұтанған бойда Төтенше жағдайлар министрлігі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне ескерткен. «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы басқарма басшысының орынбасары Өскен Тойшыбековтың сөзінше, күндізгі сағат 11:20 шамасында жүргізілген түсірілімнің деректері өңделіп, түс кезінде жауапты органдардың гео-сервистеріне жүктелген. Хронология бойынша 8-маусым күні қорықтың ортасында тұтанған тілсіз жау шығыс пен батысқа қарай жайылған. Ал 9-маусым күні қызыл жалын күрт күшейіп, 30 мың гектардан аса аумақты шарпыған. Маусымның 10-ы күні/ ірі өрт ошақтары сөнгенімен, табиғи апат оңтүстікке қарай ойысты. Оны картадағы қызыл нүктелерден көруге болады.

Өскен Тойшыбеков, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК Басқарма басшысының орынбасары:

11 күнгі деректі қарасақ, сол оңтүстіктегі өрт аумақтан шығысқа және батысқа қарай бірдей шашырап, өрт жайыла бастады. Ал бүгінгі деректерді қарасақ, осы Семей орманы резерватының оңтүстік жағында бірнеше салаға бөлініп, үлкен өрт аумақтары әлі де жүріп жатыр.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу