Кубада тереңдігі 12 метр құдыққа құлап кеткен фермер құтқарылды. Бұл оқиға «Бостандық» аралының шығысындағы Холгун провинциясында болған.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 63 жастағы азамат жаңбырдан кейін құдықты тазалауға барған. Алайда жұмыс істеп жатқанда оның аяғы тайып кетеді.
Құтқару операциясы 24 сағатқа созылды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, осы уақыт ішінде ол ішке төгілген топырақтың астына көміліп қалған. Жер бетіне шығарылғаннан кейін фермер жергілікті ауруханаға тексеруге жіберілді.
Арыстан Рысбек