Қарағандыда зообақ қызметкерлері арыстан аландарын сатпақ болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда зообақ қызметкерлері арыстан аландарын сатпақ болған

13.06.2023

Зообақтың үш қызметкері өздері алдын ала келісім жасаған сатып алушыға көрсету үшін қос аланды қоршау сыртына алып шыққан. Әрқайсысын үш миллион теңгеге саудаламақ болған. Алайда олардың жымысқы әрекеті әшкере болып, полиция қолына түскен.

Қазір 22, 37 және 44 жастағы күдіктілер тергеліп жатыр. Бұл жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес «Сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларға қатысты заңсыз әрекеті үшін» деген күдікпен іс қозғалды.


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу