Қызылордада төлем терминалын тонаған 4 күдікті қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада төлем терминалын тонаған 4 күдікті қолға түсті

13.06.2023

Қызылордада дүкендер мен дәріханалардағы төлем терминалдарын тонаған 4 адам қолға түсті. Күдіктілердің барлығы жергілікті тұрғындар.

Олар қылмыстық әрекеттерін тек түнгі уақытта жүзеге асырып отырған. Құрылғының ішіндегі ақшаны алып, қылмыстың ізін жасыру үшін терминалдарды қала сыртындағы су айдынына тастап келген.  Алайда полиция көп ұзамай төрт азаматты ұстады. Күдіктілердің екеуі қамауға алынып, екеуіне ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір шығын көлемі есептеліп, олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.


Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу