АҚШ-тың Гавай аралдарында «Килауэа» вулканы тағы атқылап жатыр. Құрама Штаттардың Геологиялық бақылау агенттігінің хабарлауынша, оның лавасы жан-жаққа шашырап, өрт ошақтарын туғызған. Дегенмен ешқандай инфрақұрылым зақымданған жоқ. Сонымен қатар ұшақтарға төнген қауіп деңгейі де айтарлықтай жоғары емес деді. Әлемдегі ең үлкен жанартаулардың бірі «Килауэа» соңғы рет биыл қаңтарда оянып, наурызға дейін сөнбеген болатын.
Арыстан Рысбек