Ресейдің Иркутск облысында екі мұнай танкері соқтығысты. Оқиға Лена өзенінде болған. Қазір бұл аймақта төтенше жағдай жарияланды. Апат кезінде суға мұнай төгілген. Соқтығысқанда зақым келген танкерде барлығы 138 метрикалық тонна мұнай болған екен. Қазір өзенге оның қанша литрі төгілгені анықталып жатыр.
Арай Төлеген