Нидерланд Қазақстанмен жылыжай өндірісін дамытудағы тың тәжірибесімен бөлісуге дайын. Соны игеру үшін ауылшаруашылығы министрлігінің өкілдері мен Ақтөбе, Жамбыл облыстарының диқандары Еуропаға барды. Бес күндік сапардың алғашқы күні қазақстандық делегация Гаагада жергілікті үкімет және бизнес өкілдерімен кездесті. Бірнеше компанияны аралап, жылыжай желісінде қолданылатын жаңа технологиялармен танысты. Көкөністер мен өсімдікті вирустан қорғайтын табиғи тыңайтқыштардың түрлерін тамашалады.
Нұрсұлу Қасым