Ақтөбе облысында ірі қарадан «қарасан» жұқпалы ауруы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында ірі қарадан «қарасан» жұқпалы ауруы табылды

14.06.2023

Ақтөбе облысында ірі қарадан «қарасан» ауруы табылды. Алға ауданының Маржанбұлақ ауылындағы шаруа қожалығына уақытша шектеу енгізілді.

Мамандар мұндағы бір жасар еркек төлдің өлексесін зерттеп, сынама алған. Облыстық ветеринария зертханасы қауіпті аурудың болғанын көрсетті. Сондықтан ауыл әкімдігінің қаулысы бойынша Қарасанның қауіпті бактериологиялық жұқпалы ауру екені ескеріліп, шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шаралары енгізілді. Қазір шаруашылықтағы сиырларға түгелдей вакцина салынып жатыр.

Иса Базаров, облыстық Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

Бұл жерде үш бас мал ауырған. Былтырғы баспақтар ғой. Клиникалық белгілері: ақсаған, аяқтары ісіп кеткен. Содан «қарасан» ауруы деген күдік пайда болды. «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ-сі сауықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.


Жақсылық Кемал

Хабарламаларға жазылу