Үндістанда 45 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда 45 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

14.06.2023

Үндістандағы Гүджарат штатында 45 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Себебі ертең аймаққа алапат циклон соққы береді деген болжам бар. Метеорологтардың хабарлауынша, «Бипарджой» дауылы сағатына 150 шақырым жылдамдықпен соғуы мүмкін. Жаңбыр құйып, лай көшіп, Араб теңізінде толқын көтеріліп, кей аудандарды су басуы ықтимал. Сондықтан жағалаудағы елді мекендерде мектептер жабылып, балық аулау тоқтатылды. Теңіздегі мұнай нысандары мен ірі порттар да жұмыс істемей тұр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу