БҚО-да 3 адамға 4,6 млн теңге сыйақы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да 3 адамға 4,6 млн теңге сыйақы берілді

15.06.2023

Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 3 адамға 4,6 млн теңге сыйақы берілді. Оның ең қомақтысы - лауазымды тұлғаның аса ірі көлемде пара алғаны жайлы ақпарат берген тұрғын 4 млн теңге алды. Сондай-ақ алаяқтық, пара беруге итермелеу фактілері бойынша да хабарланған. Ақшалай ынталандыру тек ақпарат сенімді болып, сот үкімі шыққан кезде ғана аударылады. Шенеуніктердің ақша бопсалау, жымқыру немесе билікті асыра пайдалануына куә болған кез келген азамат 14-24 нөміріне қоңырау шала алады.


Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу