Қазақстан мен Еуропа жастары тұрақты диалог құрмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Еуропа жастары тұрақты диалог құрмақ

16.06.2023

Қазақстандық жастар тұңғыш рет Страсбургта өткен Еуропалық жастардың форумына қатысты. 8 мыңға жуық делегат жиналған шара аясында қазақстандық делегация өкілдері «Қазақстан-Еуропалық одақ жастар ынтымақтастығы» отырысын өткізіп, қарт құрлықтағы қатарластарымен өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сапар аясында жерлестеріміз Парижде ЮНЕСКО ұйымының, Брюссельде Еуропалық комиссия, Еуропарламент өкілдерімен кездесті.

Сондай-ақ жаңа буын өкілдерін Еуроодақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакала қабылдады. Кездесуде қазақстандық делегаттар елдегі жастар саясаты, азаматтық қоғамды дамыту бойынша атқарылып жатқан тың өзгерістерді баяндап, ұсыныстарын ортаға салды.

Тери Хакала, Еуропалық одақтық Орталық Азия бойынша арнайы өкілі:

Жастармен белсенді қарым-қатынас орнату біз үшін өте маңызды. Жастар — елдің болашағы, әрі шешім қабылдайтын, шешім шығаратын жаңа буын өкілдері. Сондықтан болашақта сіздердің жастарыңызбен біраз шаруа атқарамыз деген үміттемін.

Валихан Бахретдинов, қоғамдық бірлестіктің жетекшісі:

Келешекте Қазақстан мен Еуропалық одақ жастарының арасында тұрақты диалог құру. Оған қоса «Қазақстан-Еуропалық одақ» жастар көшбасшыларының ынтымақтастығының жол картасын дайындау. Ол осы біздің үкіметтік емес ұйым ретіндегі ұсынысымыз. Астанада да осы шараларды көтереміз. 


Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу