Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды

16.06.2023

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды. Арслан Қалияқбаровқа «пара алды» деген айып тағылып отыр. Ресми мәліметке қарағанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі күдіктіні тінту кезінде 1 млн 800 мың теңге қаржы табылыпты. Шенеунік оны жол салып жатқан мердігерден алған.

Арслан Қалияқбаров өңірге «айыппұл арқалаушы» мемлекеттік қызметкер ретінде танымал. Ол тендер талаптарын белгілі бір компаниялар ғана қатыса алатындай қылып өзгерткені үшін 1 млн теңге, бәсекелестік ортаға шығармай 1 млрд 900 млн теңгенің 17 лоттық тендерін бір мердігерге бере салғаны үшін 4 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелген болатын. Бірақ сот шешімі әлі орындалмағаны белгілі болды. Қарызын бөліп төлеу үшін сотқа арыз-талап беріпті.

Мемлекетке осыншама қарызы бар адамның лауазымды қызметте қала беруі, тұрғын үй коммуналдық бөлімі басшысынан қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалуы қоғам тарапынан қызу талқыланған болатын.

Хабарламаларға жазылу