Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті

16.06.2023

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды. Қару-жарақпен қайта жарақтау және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасы қарастырылды. Қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс, қару-жарақ пен әскери техника айналымы, қорғаныс нысандары инфрақұрылымын дамыту салаларындағы жекелеген мәселелер жөнінде жүйелі шаралар әзірленді. 


Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу