Былтыр елімізде мал терісінің 81 пайызы яғни, 2,8 млн данасы өңделмей қалған. Бірақ Қазақстанда тері өңдейтін 9 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Жалпы тері мен жүнді өңдеу – өзекті мәселе. Былтырғы жылға дейін бұл іс индустрия және ифрақұрылым министрілігінің еншісінде болатын. Қазір ауыл шауаршылығы министрлігіне жүктелді. Одан оң өзгеріс бар ма? Азамат Бейбітұлы тарқатады.
Жыл сайын ірі қара терісінің 20 пайызға жуығы болса да кәдеге асып жатыр. Ал ұсақ малдың терісі тіпті өңделмейді. Сапа төмен, сұраныс жоқ. Жүн өңдеу мәселесі де осыған ұқсас.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Қазіргі таңда 3 инфестициялық жоба теріден желатин жасайтын жобалар іске асып жатыр. 12 мың тонна қуаттылығы бар 3 жоба соғылады деп жоспарлануда. Негізі біздегі мәселе былғары тері жасауға сапасы өте төмен. Сона шағады, тікенек кіріп кетеді. Сондықтан біз желатин жасауға өңдейін деп отырмыз.
Биыл қант қызылшасының егіс алаңы 64 пайызға өскен
Ал депутат Закиржан Кузиев қант өндірісі бойынша әзірлеген бағдарлама дұрыс жүзеге асып жатқан жоқ деп сынады. «Ол қант үшін қызылшаға қып-қызыл ақшаны шаша бермеу керек», - дейді.
Закиржан Кузиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бидайда 45 пайыз қант, жүгеріде 75 пайыз қант, қызылшада бар жоғы 10 пайыз. Сонда біз нені дамыту керекпіз? 2022-26 жылдары біз Үкіметтен қызылшаға 495 млрд теңге жұмсаймыз. Былай ойлаңыз, қанша млрд деген?
Бірақ министрдің айтуынша, биыл қант қызылшасының егіс алаңдары 64 пайызға ұлғайып, 19 мың гектарға жеткен. Сондай-ақ қызылша өсіруге арналған техникаға инвестициялық субсидиялар нормативі екі есеге дейін артты. Қазақстан биыл ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр.
Азамат Бейбітұлы