Атырау-Астрахань жолы биыл қолданысқа беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау-Астрахань жолы биыл қолданысқа беріледі

16.06.2023

Атырау-Астрахань күре жолы жыл соңына дейін көлік қозғалысы үшін ашылады. Бұл туралы өңір басшысы Серік Шәпкенов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір оның 170 шақырымына екі қабат асфальт төселген.

Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:

Жылдың соңына дейін 107 шақырымы қалды. Бұл жерге де екі қабат асфальт төсеп, жылдың соңына дейін толық жүруге жолды ашамыз деген жоспарымыз бар. Негізінен жоба 2024 жылы аяқталады. Қалған үшінші қабатын келесі жылы салып, толық іске қосылады.


Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу