Швейцария 2050 жылға қарай ауаның ластану деңгейін нөлге түсіруді жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швейцария 2050 жылға қарай ауаның ластану деңгейін нөлге түсіруді жоспарлап отыр

19.06.2023

Швейцария 2050 жылға қарай ауаның ластану деңгейін нөлге түсіруді жоспарлап отыр. Тұрғындардың 60 пайызы мұны қолдап дауыс берді. Ол үшін мұнай мен газдың импортын қысқартып, жел және күн электр станцияларын көптеп салу ұсынылды. Бұл іске Швейцария үкіметі 2 миллиард швейцар франкін немесе 2,2 миллиард доллар жұмсамақ.

Климаттың мөлшерден тыс жылынуы – бұл ел үшін аса өзекті проблема. 2001 жылдан бері Швейцарияда мұздықтардың үштен бірі еріп кеткен.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу