Қарағандыда қатты дауыл оқу орнының шатырын қиратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда қатты дауыл оқу орнының шатырын қиратты

19.06.2023

Қарағандыда күшті жел салдарынан оқу орындарының бірінің шатырын жұлып әкеткен. Әп-сәтте болған дауыл аулалардың біріндегі газонды да ұшырып, бір баланы басып қала жаздаған. Сол өңірдегі тілшіміз Руслан Нұрланұлы қазір бізбен байланысқа шығады? Руслан, жағдайды баяндасаңыз?

Руслан Нұрланұлы, тілші:

Шатыр құлаған сәтте, абырой болғанда, ол маңда ешкім болмаған, зардап шеккендер жоқ. Тіпті, төбе жабындысының жартысы жол бойына түскен. Одан өтіп жатқан көліктер де зақымданбаған. Бұл оқу корпусы ІІМ қарасты Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына тиесілі. Сағат күндізгі екіден аса қысқа мерзімде болған дауыл 4 қабатты ғимараттың қаңылтыр шатырын қиратқан. Ауыр салмақтан білім мекемесінің алындағы бірнеше ағаштар да сынған. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр. Сондай-ақ, Көгілдір Тоғандар ықшам ауданында аулалардың бірінде төселіп жатқан газон желмен көтеріліп сол маңда ойнап жүрген баланың үстінен басып қала жаздады. Абырой болғанда, балақай дін аман. Дәрігерлер тексеріп денсаулғының жақсы екенін, тек қорқып қалғанын мәлімдеді. Ал қазір де жел көтеріліп, аспан бұлттанып тұр. Қала бойынша үш ағаш сынып құлаған. Төтенше жағдай қызметі тұрғындарды сақ болуға шақырады.


Хабарламаларға жазылу