Қазақтың айтулы ақыны, жырау Кенен Әзірбаевтың туғанына – 139 жыл. Елордада ұлы тұлғаның ескерткіші ашылды.
Халқымыздың сал-серілік, жыраулық және айтыскерлік дәстүрлерін жалғастырған өнер иесінің құметіне өткен шараға ақынның ұрпақтары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Жыраудың елге кең танылған әндері айтылып, өлеңдері оқылды. Ескерткіш Кенен Әзірбаев пен Жұмекен Нәжімеденов көшелерінің қиылысында орналасқан. Тұғырдың биіктігі 2 метрге жуықтайды, жалпы биіктігі 3,2 метр.
Бақытжан Кененұлы, Кенен Әзірбаевтың ұлы:
Кенен ақын туралы көп айтуға болады ғой. Ол – халықтың адамы. Ол кісі туралы айтылып та, жазылып та жатыр. Ескерткіш орнату бұрыннан ойымда жүрген іс еді. Осы жаңадан салынып жатқан көшеден алаң берді. Міне, бүгін ашылуына келіп отырмыз.
Ақмаржан Ғафизқызы