Астанада банк қызметкерлерін кепілге алған жігіт 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Оқыс оқиға кеше болған. 30 жастағы ер адам банктердің бірінің филиалына кіріп, тапаншамен 7 адамды кепілге алған. Келіссөз жүргізілгенімен нәтиже болмады. Кейін арнайы жасақ шабуыл жасап, қылмыскерді ұстап қамауға алды. «Адамды кепілге алу» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Оның наркологиялық диспансерде есепте тұратыны анықталды.
Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
Қолданған біздің арнайы құралдар ол ешқандай қаупі жоқ. Тек қана дауыспен беріп. Қылмыскердің көңілін аудару үшін жасалған. 12 секунд ішінде бүкіл операция бітті.
Шерхан Жамбылұлы