Зейнетақы қорындағы жинағын 75 мың қария пайдалана алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы қорындағы жинағын 75 мың қария пайдалана алады

19.06.2023

Келесі айдан бастап зейнеткерлер Зейнетақы қорындағы жинағын емделуге немесе үй алуға деп толығымен ала алады. Бірақ барлығы емес. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша мұндай мүмкіндікті 75 мың қария пайдалана алады. Олардың шоттарында жалпы алғанда 120 миллиард теңге бар. Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнеткер интернет-платформа арқылы Отбасы банкіне немесе екінші деңгейдегі банктерге, ал емделу мақсатында тек Отбасы банкіне жүгінуі тиіс.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу