Алматыда мейрамхана мен дәмхана және сауда павильондарын шарпыған өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.
Қызыл жалын Жетісу-3 шағын ауданындағы көлік жөндеу нысанында тұтанып, қасындағы дәмхананың шатырына өткен. Лезде жайылған тілсіз жауды сөндіруге 64 маман мен 18 техника жұмылдырылды. Өрт екі сағатта оқшауланып, біршама уақыттан соң толық сөндірілді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Нұрсұлтан Тілектес