Францияда Олимпиада ұйымдастырушыларына айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда Олимпиада ұйымдастырушыларына айып тағылды

20.06.2023

Полиция Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің штаб-пәтерінде тінту жүргізіп жатыр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, күдіктілер мемлекет қаржысын жымқырған болуы мүмкін. Өйткені, 2017 жылы жазғы ойындарды ұйымдастыру комитетінің келісімшартында кінәрат табылған. Сондай-ақ Олимпиада және паралимпиада инфрақұрылымын қамтамасыз етуге жауапты «СОЛИДЕО» мемлекеттік органының штаб-пәтері де сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің тексеруінен кейін тінтілмек.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу