Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер 1 млрд теңгені жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер 1 млрд теңгені жымқырған

21.06.2023

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер жол құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгеден астам қаржыны қолды етті деген күдікке ілінді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Целиноград ауданында жол жөндеу жұмыстары жүргізілмесе де, мердігерге қомақты қаржы төлеген. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Меруерт Байболова, Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Негізінен осындай қылмыс жасағаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.


Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу