Тамара Дүйсенова: Оқушыларды ерікті болуға үйрету керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамара Дүйсенова: Оқушыларды ерікті болуға үйрету керек

21.06.2023

Ауыр дертке шалдыққан балаларға көмектесу жұмыстарына мектеп оқушыларын тарту қажет. Халықаралық волонтерлер форумында Премьер-министрдің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осындай ұсыныс айтты. Оның пікірінше, инклюзивті қоғам құруды осыдан бастаған жөн. Қазақстанда 700 мыңнан астам мүгедек бар болса, соның 16 мыңы бүгінде мемлекеттік емес ұйымнан көмек алып отыр. Министр өзге елден келген делегаттардан мүмкіндігі шектеулі жандардармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісуді сұрады. 


Айя Мүтәлі



Хабарламаларға жазылу