Ақмола облысының Жарқайың ауданына қарасты Державинск қаласына Кенесары ханның есімі берілмек. Көпшілік тыңдалымда шаһардың атауын өзгертуді ауыл тұрғындары қолдап дауыс берген. Мазмұны ескірген, өңір тарихына қатысы жоқ атаудан гөрі, қазақтың батыры, әскери қолбасшысының есімін ескергеніміз абзал,- дейді көпшлік.