Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстаудағы жұмыс сапары барысында Құрық портына барып, перспективалы инвестициялық жобалармен танысты.
Бүгінде Қытай мен Орталық Азиядан Еуропаға тасымалданатын жүктердің 80%-дан астамы Қазақстан арқылы жеткізіледі. Осы орайда ең қысқа жол ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы арта түсті. Өткен жылы аталған бағытпен жүктерді ауыстырып, тиеу 2 есеге өсіп, шамамен 1,7 млн тоннаны құрады. Ал осы жылдың 5 айында жүк тасымалы 64%-ға артып, 1 млн тоннадан асты. Қазақстан аталған бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемін келешекте 10 млн тоннаға дейін жеткізуді көздейді. Өз тарапынан неміс серіктестер перспективалы көлік-логистикалық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.
Аягөз Оралбайқызы