Атырауда үлескерлерді алдағандар 6 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда үлескерлерді алдағандар 6 жылға сотталды

22.06.2023

Атырауда үлескерлерді сан соқтырған кооператив төрағасы мен қызметкері 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Екі азамат үй салып берем деп, 271 адамнан 2 млрд теңгедей жинап алған. Алайда құрылыс орта жолдан тоқтап қалған. Іргетасы 3 жыл бұрын қаланған тұрғын жайлардың қазіргі құны 1 млрд 400 млн теңгеге бағаланып отыр. Енді жәбірленушілер азаматтық сотқа қайта арызданбақ.

Бақтыгүл Жұмағалиева, Атырау қаласының тұрғыны:

Талабымыз орындалғанымен ақшамызды қайтарған жоқ. Қазір 6 жылға сотталды олар. Ол аз. Қазір біз азаматтық сотқа шағымданамыз.

Абылайхан Алтынбек, Атырау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры:

Жәбірленушілердің өтініш хаттары қанағаттандырылды. Сол қанағаттандырудың негізінде атқару парағын алады. Сол атқару парағы жеке сот орындаушыға түседі. Әрмен қарай сол жеке сот орындаушылары арқылы өндіріп алады ақшаларын.


Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу