Президент реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысын өткізді

22.06.2023

Жылу энергетикасы және энергия жүйесінің нысандары білікті кадрлармен қамтылмаған. Мемлекет басшысы бүгін Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізіп, осы мәселені сынға алды. Әрі кадр тапшылығын жедел шешуді тапсырды. Сондай-ақ, жиында ұлттық жобаларды әзірлеу жайы қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобаларын уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды. «Қолжетімді интернет» жаңа ұлттық жобасы туралы сала министрі баяндады. Мемлекет басшысы бастама халықты қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету керектігін айтты. Бұдан бөлек, жиында денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын кешенді түрде дамыту мәселелері, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі сын-қатерлер талқыланды.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу