«Qazaqstan Barysy» қоры бюджет қаражатының жымқырылуына қатысты түсініктеме берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan Barysy» қоры бюджет қаражатының жымқырылуына қатысты түсініктеме берді

22.06.2023

«Qazaqstan Barysy» қоры бюджет қаражатының жымқырылуына қатысты түсініктеме берді. Ұйым 2019 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істегендіктен, оған дейін атқарылған және жұмсалған қаражатқа жауап бере алмайтындығын мәлімдеді. Хабарламада өткен 4 жылда бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылып келгенін және барлық қаржылық есептер қабылдаушы тараптардың талаптарына сәйкес ұсынылып отырғанын жазылған.

Еске сала кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қалалық департаменті қазақ күресінен өткізілетін «Қазақстан Барысы» турнирін ұйымдастырушыларды тергеу басталғанын мәлімдеген болатын. Бөлінген 1 миллиардтан теңгеден астам қаржы бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығы бойынша тексеріп жатыр. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу