Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты бір айға жөндеуге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты бір айға жөндеуге жабылды

22.06.2023

Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты бір айға жөндеуге жабылды. Кәсіпорын құбырлар мен пештерді жаңартуды көздеп отыр. Сәйкесінше өндіріс те уақытша тоқтатылды. Десе де, кәсіпорын өкілдері бұл ішкі нарықты жанармаймен қамту жұмыстарына әсер етпейді деп отыр. Өйткені өндірісті тоқтатар алдында бензиннің 40 мың, дизельдің 50 мың тонна қорын жинадық дейді. Кәсіпорын қайта іске қосылғанша нарыққа қажетті жанармай осы қордан жеткізілмек.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу