Қылмысқа қарсы жаңа тұжырымдама әзірленуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қылмысқа қарсы жаңа тұжырымдама әзірленуде

23.06.2023

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-28 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі ұлттық арнаға берген сұхбатында айтты. Марат Ахметжановтың сөзінше, полиция қызметіне халықтың әлі де көңілі толмайды. Сондықтан жұмыс істеу тәсілі қайта қаралады деді. Құжатқа сәйкес полицейлер елдегі тәртіпті қоғаммен бірлесе қамтамасыз етуі керек. Тұжырымдамада жол қауіпсіздігін цифрландыру, қоғамдық орындарда бақылауды күшейту мен полицияны трансформациялау сынды бағыттар бар.

Марат Ахметжанов, Ішкі істер министрі:

Қолжетімді полиция — қағазға емес, адамның проблемасына бағытталған полиция. Проблеманың шешу тәсілдерін табатын полиция. Соны өзімізге үлкен талап қойып отырмыз. Сол талапқа сай болуымыз керек. Әрине оны бір күн ішінде жасақтай алмаймыз. Сондықтан бұл тұжырымдама 24-28 жылдарға арналған.

Құжатты Президент бекітеді, ол келер жылдан бастап жұмыс істеуі тиіс. Полицейлерді артық жұмыстан арылту бойынша жаңа қадамдар жасалып жатыр. Мәселен, тергеушілер енді хаттаманы қысқаша жазып, сұрақ-жауаптың видеосын хаттамаға тіркейді.


Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу