Бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай барлық аймақта іс-шаралар өтіп жатыр. Елордадағы салтанатты жиында уақытпен санаспай қажырлы еңбек етіп жүрген сала үздіктері марапатталды.
Күлжахан Елемесова - Жамбыл облысындағы шалғай ауылдың әкімі. Қарасай ауылдық округі облыс орталығынан 400 шақырымдай жерде орналасқан.
Қырғыз елімен шекаралас жатқан елдімекен кеңес заманында алмасымен танымал болған дейді. Өзі әкім болған тұста ол жемісті қайта өсіру үшін ауылға инвестор тартқан. Жолынан бастап, мәдениет үйі, мектеп, амбулатория мен балабақшаға күрделі жөндеу жүргізуді де қолға алды.
Бүгін осы еңбегі еленіп, ауылдың үздік әкімі байқауының жеңімпазы атанды.
Күлжахан Елемесова, «Үздік ауыл әкімі» байқауының жеңімпазы:
Әрине әкім болу, өз елім, өз жұртым. Мен күн -түн демеймін. 24 сағат ұялы телефонымды барлығына беремін. Әр чаттарда отырамын. Мен өз жұмысымды ұнатамын, жақсы көремін.
«Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауында 7 адам жеңімпаз деп танылды. Одан бөлек, «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл», «Үздік сапалы қызмет көрсетуші», «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» сынды түрлі номинацияның жеңімпаздары анықталды. Мәселен, бір ғана «Үздік мемлекеттік қызметші» аталымына барлық өңілерден 600 ден аса адам өтініш түскен. Тек 10-ы үздік деп танылды.
Ерлан Исабай, «Үздік мемлекеттік қызметші» байқауының жеңімпазы:
Мен 34 жастамын. 9 жылдай мемлекеттік қызметте істедім. Қазір басшылық қызметтемін. 01 22 Қаржы министрлігінің орталық мемлекеттік кірістер комитетінің орталық кеден зертханасының менеджмент жүйесінің және тиалдау бөлімінің басшысымын. Үздік болып танылдым, рахмет ұйымдастырушыларға.
Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда «Әділетті Қазақстанды адал азаматтар» құратынын ерекше атап айтты. Сондықтан «халыққа қызмет, абыройлы міндет» болуы тиіс деді әр өңірдегі мемлекеттік қызметшілерді жинап, басын қосқан агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев.
Дархан Жазықбаев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Қараша халық бізден үлкен үміт күтеді. Еліміздің бүгіні мен жарқын болашағы жолында атқаратын еңбектеріңіз ел үшін қашанда маңызды.
Айта, кетейік, бүгінде елімізде 83 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер бар.