Ақтөбе облысында мемлекет қорғауына алынған тарихи нысан құлап қалды.
Алға ауданы, Есет батыр ауылында орналасқан ескі жел диірмен қатты желдің екпініне шыдамаған. Нысанды 1909-ыншы жылы қазақ жеріне қоныс аударған украин көпестері тұрғызған. Ол өткен ғасырдың орта шеніне дейін жұмыс істеп келген. Ал, 2010-ыншы жылы Мемлекет қорғауына алынды. Кейін жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жөндеу, абаттандыру жұмыстары жасалған болатын. Тарихи нысанды қайта қалпына келтіруге бола ма жоқ па ол жағы арнайы сараптамадан кейін белгілі болмақ. Өңірде мемлекет қорғауына алынған 859 ескерткіш бар.
Фархат Досмұратов, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау орталығының директоры:
Тың иегру аяқталғанша халықтар егін егеді, соларға егін ұн қылып тартып, 1961 жылға дейін жұмыс жасап тұрды. 1984 жылы ол ескерткішті желдиірменді ескерткіш ретінде қорғауға алу үшін арнайы паспорттар жасақталды. Биіктігі 17 метр, ені, ол қандай материалдан жасалған, ол не үшін жасалғаны туралы арнайы құжаты бар.
Жақсыбек Кемал