«Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

26.06.2023

Ермек Қарамырзаев қазіргі таңда «ҚараЖанбасМұнай» АҚ Бас директорының орынбасары болып жұмыс істейді. Ол «КЕЗБИ» ЖШС-нің және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында, өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланған деген күдікке ілінді.

Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған. Өзінің заңсыз әрекеттерімен ол мыңнан астам қызметкердің құқықтарын бұзды, сондай-ақ мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырды деп айыпталуда.


Хабарламаларға жазылу