Бурабай курорттық аймағында орналасқан баннерде есірткі жарнамаланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабай курорттық аймағында орналасқан баннерде есірткі жарнамаланған

26.06.2023

Бурабай курорттық аймағында орналасқан баннерде QR код арқылы есірткі жарнамаланған. Қазір полиция аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Билборд Абылай хан алаңына осыдан бес жыл бұрын қойылған. Жергілікті биліктің мәліметінше, онда тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының сайтынан алынған ресми ақпарат қана болған. Алайда техникалық ақаудың салдарынан QR код есірткі сататын онлайн дүкенге сілтеме жасаған. Қазір баннер қайта ауыстырылды.


Хабарламаларға жазылу