Қарағанды облысының Нұра ауданында өзен жағасынан жүзге тарта киіктің өлексесі табылды.
Алдын ала болжам бойынша жануалар өзеннен өтпек болғанда келесі бетке жете алмай суға тұншығып қалған. Құланөтпестің бойында қырылып жатқан ақбөкендерді жергілікті тұрғын бірінші болып байқапты. Оқиға орнына жеткен табиғат қорықшылары 86 киіктің өлексесін тапты.
Экология министрлігінің хабарлауынша, жүргізілген арнайы сараптама жануарлардың денесінде оқтың ізі жоқ екенін анықтады. Бастапқы болжамдағыдай суға тұншығып өлген деген қорытынды жасады. Киіктердің өлексесі арнайы полигонға апарып, жойылды.
Руслан Нұрланұлы