Солтүстік Кореяда Америкаға қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда Америкаға қарсы шеру өтті

27.06.2023

Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда АҚШ-қа қарсы ауқымды шеру өтті. Оған 120 мыңдай адам қатысқан. Демонстранттардың көбі – жұмысшылар мен студенттер. Олар Американы импералист әрі бейбітшіліктің жауы деп атады.

Ауқымды митинг Корей түбегінде қарулы жанжалдың басталуының 73-жылдығына арналып отыр. Екі Корея 1950-1953 жылдары соғысты. Бұл қарулы қақтығыс атысты тоқтату туралы ымырамен аяқталғанымен, тараптар бейбіт келісімге әлі күнге дейін қол қойған жоқ.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу