Пәкістанның Пенджаб провинциясында 24 сағат бойы тоқтамастан жауын жауды. Көшелер өзенге айналған. Соңғы мәліметтерге сай, табиғи апаттан 13 адам қаза тапты. Марқұмдардың біріне жай түссе, өзгелеріне шатыр құлаған. 17 адам жараланды. Жауын-шашын, құмды дауыл әлі бірнеше күнге созылуы мүмкін. Ал келесі аптада елде нөсерлі маусым басталады. Ол әдетте қыркүйекке дейін жалғасады.
Арай Төлегенқызы