Бүгін Мәжіліс сессиясы қорытындыланды. Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бұл сессия қысқа болғанымен, өте маңызды әрі мазмұнды өтті деді. Осы жолғы сайланымның бір ерекшелігі – депутаттар көптеген маңызды заң жобасына бастамашы болды. Тұтастай алғанда бұл сессияда 31 заң қабылданған. Олардың үштен бірі депутаттардың бастамасы деді. Осы сессияда әр отырыста орта есеппен 30-ға дейін депутаттық сауал жарияланып отырды.
Сондай-ақ бүгін Мәжілісте органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы заңға өзгертулер енгізу ұсынылды.
Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Генетикалық өзгертілген обьектілерді, пестицидтерді, гормандарды және түрлі химикалық заттарды қолданылатын өндірісті болдыртпауға және оны қолданбауға тыйым салып жатырмыз.
Азамат Бейбітұлы