Еліміздің Бас мүфтиі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Кәсіпкерлерді малдың құнын көтермей, оңтайлы баға ұсынып, халыққа жақсылық жасап, көпшіліктің ризашылығына бөленуге шақырды. Әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар мен жетім балаларға көмектесу керектігін жеткізді.
Наурызбай Қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:
Айт күндері аз да болса, садақа беріп, көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу, кедейге қарасу және оларға көңіл бөлу сауапты іс. Ұлық мейрамда жасайтын барша сауапты істеріңіз, қайырымдылық істеріңіз қабыл болғай. Қасиетті Меккеде қажылығын өтеп жатқан барша біздің қажыларымыздың дұға-тілектерін Алла қабыл етсін. Алла Тағала баршамызды айттан-айтқа аман-есен жеткізіп, ізгі істер мен қуанышты күндерде бас қосуымызды нәсіп етсін. Әмин!
Асылбек Данияр