Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

28.06.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтап, бауырлас халықтарға игілік пен бақ-береке тіледі. Әңгіме барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы серіктестікті одан әрі дамыту жайы талқыланды. Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу