Парижде қара нәсілді жасөспірімнің өлімінен кейін басталған шерулер әлі жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде қара нәсілді жасөспірімнің өлімінен кейін басталған шерулер әлі жалғасып жатыр

29.06.2023

Франция астанасы Парижде қара нәсілді жасөспірімнің өлімінен кейін басталған шерулер жалғасып жатыр. Солтүстікафрикалық 17 жастағы азамат көлігімен жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылған. Содан кейін оны полицейлер атып тастады. Осы оқиғадан соң жұрт наразылыққа шығып, шерулер енді қақтығысқа ұласып отыр. Өткен түні Париждің Нант ауданында бірнеше көлік отқа оранды. Полицейлер мен шерушілер өзге де бірнеше қалада қақтығысып жатыр. Елдің ішкі істер министрлігі 24 полицейдің жараланғанын хабарлады. 40 шақты көлікке от қойылған, ал 31 адам тұтқындалды.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу