1 шілдеден бастап мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 шілдеден бастап мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы өседі

29.06.2023

1 шілдеден бастап мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы өседі.

Бірінші топтағы мүгедектер бұған дейін 77 мың теңге төңірегінде жәрдемақы алса, енді оның мөлшері 90 мыңға жуықтайды. Әлеуметтік төлемге 11359 теңге қосылады. Ал екінші топтағыларға 9330, үшінші топтағы мүгедектердің жәрдемақысы 6491 теңгеге ұлғаяды. Төлемдер әлеуметтік кодекс негізінде өседі. Бұл құжат 1 шілдеден бастап күшіне енеді. ТМД аумағында алғаш рет қолданысқа енгелі отырған кодекс адам өмірінің барлық өмір сүру кезеңін қамтиды. Негізінде халық әлеуметтік жағынан жан-жақты қорғауға алынады. Дәл осы құжаттың аясында мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетуге отбасы мүшелерін тарту көзделген.

Төлеген Оспанқұлов, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы:

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушілерге 102 мың адамға және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға 42 мың адамға жәрдемақыны арттыру қосымша көзделген. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушілерге және күтушілерге берілетін жәрдемақылардың мөлшері 1,4 есептік ең төменгі күнкөріс деңгейінің, яғни 65 мың 313 теңгені құрайтын болады.


Хабарламаларға жазылу