Президент Люксембургтің сыртқы істер министрі Жан Ассельборнмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Люксембургтің сыртқы істер министрі Жан Ассельборнмен кездесті

29.06.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің сыртқы істер министрі Жан Ассельборнмен кездесті. Кездесу барысында олар көлік және логистика, цифрландыру, «жасыл» энергетика салаларындағы, сондай-ақ Астана халықаралық қаржы орталығы аясындағы өзара іс-қимыл перспективаларын қарастырды. Жан Ассельборн екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жан Ассельборн халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бұл сапарыңыз көптеген саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұған дейін Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттельмен БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы алаңында келіссөз жүргіздік. Сол кезде Қазақстан мен Люксембург арасындағы өзара тиімді серіктестікті дамытудың ұзақмерзімді перспективалары туралы өте табысты әрі мазмұнды әңгіме болды. Біз өзара ынтымақтастығымыздың болашағына сенеміз.


Хабарламаларға жазылу